jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда қыздардың төбелесінен жаппай жол апаты болды (фото)

    : Twitter

    Алматыда көңіл көтеретін орындардың бірінде келеңсіз жағдай орын алды. Бір топ жастар мейрамхана алдында жанжалдасып, шу шығарған. Бастапқыда олар жаяу жүргіншілер жолында ұрысып тұрған. Алайда, артынан өзара келісе алмаған жастар көліктер ағылып жатқан жолға қарай шығып кеткен деп хабарлайды zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Фото: zakon.kz
    Фото: zakon.kz: Instagram

    Жол ортасында төбелескен жастардың кесірінен бірнеше көлік соқтығысып, жол апаты болған. Салдарынан үш жүргізуші зардап шеккен.

    Chevrolet Cruze жүргізушісі жолын бөгеп тастаған бір топ жастардың алдында көлігін тоқтатуға мәжбүр болған.

    Фото: zakon.kz
    Фото: zakon.kz: Facebook

    Алайда, ер адам жылдамдығын түсіріп тоқтап қалған сәтте, оған Mitsubishi Galant көлігі келіп соқтығысқан. Бұл темір тұлпарды тізгіндеген жүргізушісінің айтуынша, оның өзіне LADA Grantа көлігі соғылған.

    Фото: zakon.kz
    Фото: zakon.kz: Twitter

    Көліктердің соқтығысуы нәтижесінде үш көлік жүргізушісі жарақат алды.

    Фото: zakon.kz
    Фото: zakon.kz: Facebook

    Кейін олар, төбелеске қыздардың белсене қатысқанын айтты. Бойжеткендердің бірі жарақат алған. Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем алғашқы медициналық көмек алдымен қызға, сосын жүргізушілерге көрсеткен.

    Фото: zakon.kz
    Фото: zakon.kz: Facebook

    Фото: zakon.kz
    Фото: zakon.kz: Facebook

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.