jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ақтөбе облысындағы тас жолда 11 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды (фото)

    : UGC

    21 желтоқсан күні "Самара - Шымкент" тас жолында 11 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғалары тіркелді. Күрт өзгерген ауа райы: толассыз жауған қар, көктайғақ және қатты жел жолға шыққан жүргізушілерге кедергі келтірген болса керек. Сонымен қатар, Ақтөбе облысында адамдардың өліміне әкеліп соққан жол апаты орын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ррррррр
    Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі: UGC

    Жол-көлік оқиғалары еліміздің кей аймақтарындағы жүргізушілер үшін үйреншікті жағдайға айналды: қыста мұнда қарлы боран басылмайды, ал жолдарда мұз қабаты күшейіп, жүргізушілерге жылдамдықты арттыруға мүмкіндік бермейді.

    ррррррр
    Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі: UGC

    ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, сенбі күні түстен кейін Ақтөбе облысында бірнеше көліктің қатысуымен екі ірі апат болды.

    Біріншісі Хромтау ауданында Самара-Шымкент тас жолының 859 шақырымында орын алған.

    Мұнда бірден 11 автокөлік, оның ішінде 2 жүк көлігі, 8 жеңіл көлік және 1 ГАЗель соқтығысқан.

    ррррррр
    Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі: UGC

    Бұл оқиғаның салдарынан 9 адам зардап шегіп, олардың бесеуі Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді.

    Ақтөбе облысындағы тас жолда 11 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды (фото)
    Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі: UGC

    Екінші оқиға Әйтеке би ауданында тіркелді. Екі жеңіл көліктің түйісуі салдарынан бір жүргізуш мен өзге көліктегі жолаушы ауыр жарақаттан көз жұмған. Сондай-ақ, тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.

    Ақтөбе облысындағы тас жолда 11 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды (фото)
    Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі: UGC

    Ақтөбе облысында бірнеше күннен бері қолайсыз ауа-райы өзгермей тұр. Жүргізушілерге метеорологиялық жағдайдағы өзгерістерді бақылау ескертілді.

    Ақтөбе облысындағы тас жолда 11 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды (фото)
    Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі: UGC

    Ақтөбе облысындағы тас жолда 11 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды (фото)
    Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі: UGC

    Ақтөбе облысындағы тас жолда 11 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.