jitsu gif
Оқыс оқиға

    Бес адам көз жұмды: Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты болды

    Жол апаты1
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Қызылорда облысында Құмкөл-Қызылорда тасжолында болған апат салдарынан бес адам қайтыс болды, тағы бесеуі ауруханада жатыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    "Сәрсенбі күні Құмкөл-Қызылорда тасжолының 69 шақырымында Toyota Hilux және Mercedes-Benz Sprinter көліктері соқтығысты", - деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігі.

    Апат салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен бір жолаушы көз жұмды. Кейін ауруханада тағы екі адам жан тапсырды.

    Жол апатынан соң тағы бес адам ауруханада жатыр.

    "Оқиға орнында полиция және төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Апатқа жол ережесінің бұзылуы себеп болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

    Полиция қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес ("жол жүру ережесін бұзу") сотқа дейінгі тексеріс бастады.

    Бұл бап бойынша жеті жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Сараптама тағайындалды, апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

    Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/incidents/20210113/16023852/qyzylorda-oblysy-apat.html

    Бес адам көз жұмды: Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.