jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Атырау облысында жол апатынан ер адам мен кішкентай бала қайтыс болды

    Жол апаты
    Көрнекі фото: NUR.KZ

    Кеше, 23 қаңтарда Атырау-Индер тас жолында жол-көлік апаты болды.

    Granta мен KIA RIO көліктері бетпе-бет соқтығысып, салдарынан жүргізуші мен кішкентай бала қаза тапты. Бір жолаушы ауыр жарақат алды.

    Ақ Жайық басылымының дерегінше, 18 жасар жігіт облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазір дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысып жатыр.

    Айта кетейік, бүгін түнде белгілі қазақстандық шаңғышы Николай Чеботько жол апатынан қаза тапты.

    Ақмола облыстық ПД ақпарынша, бүгін түнгі сағат екі шамасында полицияға Көкшетау-Бурабай тас жолында көліктің ағашқа соғылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасы Бурабай ауылы маңындағы тас жолдың 8 -шақырымында болғанын анықтады.

    Mercedes-Benz 500G автокөлігінің рөлінде 38 жастағы спортшы болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, көлік жүргізушісі рөлді басқара алмай, ағашқа соғылған. Ал көліктегі 37 жастағы жолаушы дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Зардап шегушінің сөзінше, олар Үлкен Шабақты көлінен балық аулап келе жатқан.

    Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345- бабына сәйкес сот алды өндіріс басталды. Сараптамалар тағайындалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

    Атырау облысында жол апатынан ер адам мен кішкентай бала қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.