jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды: Қаза тапқандар бар (видео)

    Жолаушылар автобусы
    Оқиға орнынан фото: Алматы облысының полиция департаменті

    Алматы облысында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады.

    Ведомство мәліметінше, жол көлік оқиғасы Жамбыл ауданында 27 желтоқсан күні сағат 21.40-та болған.

    "Алматы–Бішкек автожолының 108 шақырымында "Мерседес бенс" автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып, "Ван Холл" автобусымен соқтығысуға жол бергені анықталды.
    Жеңіл автокөліктің салонында 6 адам болған, олардың үшеуі оқиға орнында қаза тапты, тағы үшеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

    Тәртіп сақшылары жол апатынан автобустағы жолаушылар зардап шекпегенін атап өтті.

    Қазіргі уақытта оқиға орнында құқық қорғау саласының мамандары жұмыс істеп жатыр.

    Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды: Қаза тапқандар бар (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.