jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Жолда өмір жайлы сөйлескен": Павлодар тұрғыны әйелінің өлімі үшін сотталды

    Қолынан кісен салынған ер адам
    Көрнекі фото: piqsels.com

    29 жастағы Павлодар тұрғыны әйелі қаза тапқан жол апатына кінәлі деп танылды. Ерлі-зайыптылар 13 жыл бірге тұрған, келіншектің артында үш баласы қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі №2 Павлодар қалалық сотының үкіміне сілтеме жасап.

    2021 жылдың қыркүйек айында ерлі-зайыптылар саяжайға демалуға кеткен. Ер азаматтың айтуынша, оның әйелі шампан ішкен, ал өзі тек шырынмен шектелген.

    Шамамен кешкі сағат 10-да күйеуі әйеліне әпкесіне барып келуді ұсынады. Ондағы отырыс таңға дейін жалғасады. Тұрғынның сөзіне сүйенсек, ол тек бір құты сыра ішкен.

    "Таңғы сағат 05:00 - де ол әйелімен бірге үйге кетуге дайындалып, пәтерден шыққан. Осы уақытта әпкесі інісіне такси шақырғанын айтып, одан рөлге отырмауды сұраған. Алайда, ер адам көшеге шыққан соң көлігін қалдырғысы келмей, рөлге отырған. Ал келіншегі алдыңғы жолаушы орындығына жайғасқан.

    Жүргізуші Павлодардағы Бакинская көшесімен Сұрағанов көшесіне қарай бет алып, әйелімен өмір жайлы сөйлесіп кеткен. Сұрағанов көшесіне жақындаған сәтте ол солға бұрыла алмай қалған. Рөлге ие бола алмаса да, жылдамдықты тоқтатпаған көлік жүргізушісі ағашқа соғысқан", - делінген сот үкімінде.

    Жол апаты салдарынан келіншек оқиға орнында көз жұмды, ал ер адам ауруханаға жеткізілді.

    Көлік жүргізушісінің сөзінше, олар бірге 13 жыл өмір сүрген, үш баласы бар.

    Сот үкімімен ол абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған мас күйінде жол ережесін бұзғаны үшін кінәлі деп танылды.

    Павлодарлық екі жылға бас бостандығынан айырылды.Сондай-ақ, қайын енесі моральдық зиянды өтеу ретінде өз пайдасына 5 миллион теңге өндіріп алуды талап етті, сот бұл соманы бір жарым миллионға дейін төмендетті.

    "Жолда өмір жайлы сөйлескен": Павлодар тұрғыны әйелінің өлімі үшін сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.