jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Бір бала қаза болды": Ақтөбеде мектеп оқушылары жол апатына түсті

    Ақтөбе облысында жол апатына түскен көлік
    Ақтөбе облысында жол апатына түскен көлік. Фото: Ақтөбе облысы ПД

    Кеше, 4 наурызда кешкі уақытта Ақтөбе облысы Шалқар ауданында оқушылар мінген Toyota Land Cruiser көлігі аударылды. Бір жасөспірім оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға кешкі сағат 20:55 шамасында тіркелген. Жол апатына ұшыраған көлікті кәмелеттік жасқа толмаған бала басқарған.

    "Оқиға облыстық маңыздағы Шалқар-Бозой тас жолының 4 шақырымында тіркелді. Кәмелеттік жасқа толмаған жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Оқиға орнында көлік ішіндегі кәмелеттік жасқа толмаған бір бала қаза болды. Төрт бала әртүрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлайды аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Нариман Мұхтаров.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғадан кейін ауруханаға жеткізілген төрт оушының жағдайын хабарлады.

    "2007 жылы туған қыз бала ашық бас миының жарақатымен түсті. Бала үшінші деңгейлі комада, миға қан кеткен. Жағдайы ауыр. 2008 жылы туған ер балада жамбас сүйегінің ұшы сынған. 2008 жылы туған келесі ер бала жіліншігінен жарақат алған. 2008 жылы туған тағы бір ер бала амбулаториялық бақылауға алынды", - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Оразбаев.

    Ауыл тұрғындары жол көлік оқиғасына ұшыраған Toyota Land Cruiser көлікте Шалқардағы №8 мектептің оқушылары болғанын айтады.

    Авторы: Ардақ Ерубаева

    "Бір бала қаза болды": Ақтөбеде мектеп оқушылары жол апатына түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.