jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    СҚО-да жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан бір адам көз жұмды (видео)

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/obovsempetropavlovsk

    Солтүстік Қазақстан облысында Audi мен "МАЗ" жүк көлігі соқтығысты. Апат салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды "Петропавловск.news".

    Басылымның облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, жол апаты 20 қазанда сағат 20:05-те Мамлют ауданы, "Мамлютка – Қостанай" тас жолында 7-ші шақырымында болған.

    Жол апаты салдарынан Audi маркалы жеңіл көлігінің 53 жастағы жүргізушісі қаза тапты.

    "МАЗ автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі медициналық тексеруге жіберілді, алдын ала болжам бойынша ол масаң болмаған, көліктер арнайы тұраққа қойылды", – деп хабарлады ведомстводан.

    Полицейлердің мәліметінше, бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

    СҚО-да жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан бір адам көз жұмды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.