jitsu gif
Оқыс оқиға

    Қарағандыда екі автобус соқтығысып, жеті адам ауруханаға жеткізілді

    Жол апаты болған жер
    Жол апаты болған жер. Видеодан кадр: ekaraganda

    Қарағандыда екі автобус соқтығысып, салдарынан жеті жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды eKaraganda басылымы.

    Басылым мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 28 қарашада таңертең Карл Маркс көшесінде болған. Анықталғандай №56 және №44 автобустары соқтығысқан.

    Облыстық ПД баспасөз қызметі жергілікті басылымның тілшілеріне оқиға орнынан жеті адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған. Сондай-ақ полицейлер жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғаған.

    Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері зардап шеккен бес адамға көмек қажет болғанын атап өтті. Жолаушылардың денесі көгерген және сырылған, олар амбулаторлық емдеуге жіберілген.

    Ал қалған екі жолаушыға медициналық көмек қажет болмаған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.