jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: медицина қызметкерлері зардап шекті

    Жетісу облысында болған жол-көлік оқиғасы
    Жетісу облысында болған жол-көлік оқиғасы. Фото: polisia.kz

    Алматы-Өскемен тасжолында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, медицина қызметкерлері зардап шекті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

    Оқиға бүгін Жетісу облысының Ақсу ауданында болған. Үш көлік соқтығысқан.

    ІІМ ақпараттық порталындағы хабарға қарағанда, жол-көлік оқиғасынан екі медицина қызметкері зардап шеккен.

    "Жол-көлік оқиғасы Алматы-Өскемен автожолының 337-шақырымында болды, онда Mazda 626 жеңіл автокөлігі, "КамАЗ" жүк көлігі және JAC минивэн (жедел жәрдем көлігі) соқтығысты. Жол апатынан екі дәрігер зардап шекті, олар әртүрлі жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Кейін дәрігерлердің бірі амбулаториялық емделуге жіберілді", - делінген медиапорталдағы хабарламада.

    Автокөліктер арнайы автотұраққа қойылған. Осы дерек бойынша полиция қажетті сараптамаларды тағайындағаны айтылады.

    Жетісу облысында болған жол-көлік оқиғасы
    Жетісу облысында болған жол-көлік оқиғасы. Фото: polisia.kz

    Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: медицина қызметкерлері зардап шекті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.