jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    "Жүргізушіні ұрып жіберген": Алматы полициясы автобус апатына қатысты оқиғаның жай-жапсарын айтты

    Автобус адамдарды қағып кеткен жер. Алматы
    Автобус адамдарды қағып кеткен жер. Алматы. Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

    Алматы полиция департаментінің өкілдері №7 аурухана маңында болған оқиғаның жай-жапсарын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Алматы қалалық полиция департаменті бүгін, 2023 жылғы 22 желтоқсанда 18 сағат 15 минутта 47-бағыттағы қоғамдық көліктің (жеке тасымалдаушы - "ДуманТрансКом" ЖШС) жолаушысы жанжал салдарынан жүргізуші әйелді ұрғанын, ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалғанын хабарлайды", - делінген хабарда.

    Бақылаусыз қалған қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.

    Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптама тағайындалды.

    Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатқаны айтылады.

    Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері зардап шеккендердің жағдайын айтты.

    "Жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 адам зардап шекті. Үшеуі жедел медициналық көмек келгенге дейін қаза болды. Үш ересек адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы диагноздары қойылды, бір науқаста сол жақ жамбасы сынған. Төртінші жәбірленуші, 15 жастағы бала №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылды, диагнозы: сол аяқ сүйектерінің сынуы. Барлық зардап шеккен адамға қажетті медициналық көмек, оның ішінде психологиялық көмек көрсетіледі", - деліген басқарма хабарында.

    Бұған дейін Алматыда №7 аурухана маңында автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып өткені хабарланған еді. Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген суреттер мен видеолар жарияланып жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram