jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

    Апатқа ұшыраған көлік
    Апатқа ұшыраған көлік. Фото: zakon.kz

    Бүгін, 24 мамырда түнде Алматының Әуезов ауданында адам өліміне әкелген жол апаты болды – көлік жүргізушілерінің бірі қаза тапты. Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Жол апаты 24 мамырда сағат 02:35-те Алматының Әуезов ауданында болды.

    "Райымбек даңғылында екі көлік соқтығысты. Жүргізушілердің бірі алған жарақатынан көз жұмды. Адам өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның өзге мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне.

    Апатқа ұшыраған көліктердің бірі
    Апатқа ұшыраған көліктердің бірі. Фото: zakon.kz

    Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының Саймасай ауылында жол апаты болған еді. Әйел 5 жасар баланы көлікпен қағып кетіп, салдарынан бүлдіршін қаза тапты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.