jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Түркияда автобус апатынан 11 адам қаза тауып, 40-қа жуық адам жарақат алды (видео)

    Жол апатына ұшыраған автобус маңында адамдар жүр
    Түркияда жол апатына ұшыраған автобус. Видеодан кадр: Halk TV

    Түркияда автобус пен бірнеше жеңіл көліктің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан 11 адам қаза тауып, кемінде 38 адам жарақат алды. Бұл туралы Halk TV арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Телеарнаның хабарлауынша, 26 мамырда TAG тасжолының Енице бөлігінде автобус, жүк және жеңіл көліктердің қатысуымен жол апаты болған.

    Телеарна Мерсин губернаторы Әли Хамза Пехливанға сілтеме жасап, апат салдарынан 11 адамның қаза тапқанын, кемінде 38 адамның зардап шеккенін хабарлады.

    Адана қаласынан келе жатқан автобус күн жаңбырлы болғандықтан сырғанап барып, аударылып, қарсы жолаққа шығып кеткен.

    Өңірге өрт сөндірушілер мен медициналық бригадалар жіберілді. Оқиға орнынан алынған алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы ауыр.

    Түркияның әділет министрі Йылмаз Тунч апатқа қатысты пікір білдіріп, істің жан-жақты тексерілетінін, тергеуді үш прокурор жүргізетінін айтты.

    Түркияда автобус апатынан 11 адам қаза тауып, 40-қа жуық адам жарақат алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.