jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Таразда ішінде бір отбасы мүшелері отырған Lexus шұңқырға түсіп кетті (видео)

    Көлік шұңқырға құлап кеткен
    Апатқа ұшыраған көлік. Фото: instagram.com/kris.p.taraz

    Таразда Lexus маркалы көлік шұңқырға құлап кетті – көліктің ішінде бір отбасы мүшелері болған. Салдарынан төрт адам зардап шекті. Бұл туралы Жамбыл облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға 16 маусымда кешкі сағат 17:50 шамасында болған.

    Ведомствоның мәліметінше, Төле би көшесімен Абай көшесіне қарай кетіп бара жатқан Lexus RX300 көлігінің жүргізушісі жол белгілерін (3.1 Кіруге тыйым салынады және 1.23 Жөндеу жұмыстары) елемеген.

    Жүргізуші жолдың жабық бөлігіне шығып кеткен, салдарынан көлік қоршалмаған шұңқырға түсіп кеткен. Жолдың бұл бөлігінде магистральды құбыр жөнделіп жатқан.

    Жол апаты салдарынан жүргізуші, оның әйелі және екі баласы зардап шекті.

    "Полиция қызметкерлері мердігер ұйымның үстінен қылмыстық іс қозғады, жол белгілерін елемеген жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.