jitsu gif
Оқыс оқиға

    Словакияда жолаушылар пойызы автобуспен соқтығысты: қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/shot_shot

    27 маусымда Словакияда пойыз теміржол өткелінде автобусқа соғылды. Оқиға салдарынан алты адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    РБК сайтының мәліметінше, халықаралық экспресс пойыз Прагадан Будапештке бара жатқан.

    Нове Замкиден Кольта ауылына бара жатқан "Аррива" автобусы екіге бөлініп қалған. Автобус ішінде сегіз жолаушы мен жүргізуші болған. №279 EuroCity пойызында 200-ге жуық адам келе жатқан. Соқтығысқаннан кейін пойызда өрт шыққан.

    Зардап шеккендердің арасында автобус жүргізушісі мен пойыз машинисі бар. Экспресс пойыздағы жолаушылардың ешқайсысы ауыр жааланбаған.

    Жергілікті телеарна апатқа теміржол өткеліндегі дабыл жүйесінің ақауы, жаңбыр әсер етуі мүмкін деп хабарлады. Алайда ішкі істер министрі Матус Шутай-Ешток бұл нұсқаны растамады.

    Словакия президенті Петер Пеллегрини қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығуын тіледі.

    Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр, оқиғаның себептері анықталып жатыр, деп жазды Telegram-дағы SHOT арнасының авторлары.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.