jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматы облысында жаяу жүргіншілер өткелінде патрульдік полиция көлігі жеңіл көлікке соғылды (видео)

    Жол-көлік апатынан кейінгі патрульдік полиция көлігі
    Жол-көлік апатынан кейінгі патрульдік полиция көлігі. Видеодан кадр: t.me/egovpress

    Желіде Алматы облысында болған жол-көлік оқиғасының видеосы тарады – патрульдік полиция көлігі жеңіл көлікті соққан. Кінәлі жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Видео Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында жарияланды.

    Видеодан жаяу жүргіншілер өткелінде жеңіл көлік жылдамдығын бәсеңдетіп, тоқтаған кезде оған патрульдік полиция көлігі келіп соғылғанын көруге болады. Бірінші көлікте жүргізушімен бірге, әйел мен бала болған.

    Бұл жайтқа Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

    Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл жағдай 27 маусымда Hyundai Elantra және Toyota Ipsum көліктерінің қатысуымен Алматы – Жандосов тасжолының 25-шақырымында болған.

    "Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Көліктерге механикалық зақым келген жоқ. Жол-көлік оқиғасына кінәлі адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.

    Назар аударыңыз! Бейнежазбада бейәдеп сөздер айтылған!

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.