jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Жолаушылар автобусымен соқтығысқан: Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

    Оқиға болған жер
    Оқиға орны. Фото: Қарағанды ПД

    Қарағанды облысында кроссовер мен 51 адам мінген жолаушылар автобусы соқтығысып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, 17 шілдеде таңғы сағат 06.00 шамасында Алматы-Екатеринбург тасжолында Ақсу-Аюлы кентінен 5 км жерде Красноярск- Шымкент бағытында "Chery Tiggo" көлігі мен Van Hool автобусы соқтығысқан.

    Апат салдарынан Chery Tiggo жүргізушісі мен оның екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ автобустағы үш жолаушы мен автобус жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Оқыс оқиға кезінде автобуста 51 адам болған.

    Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Қарағанды облысының полиция департаменті тек Алматы-Екатеринбург тасжолында жазда күніне 33 мыңға дейін көлік жүретінін атап өтті. Экипаж тығыздығы 22-ге дейін ұлғайтылды.

    "Қарағанды облысындағы жоғарыда аталған көліктердің екі жүргізушісін де патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатқан, өкінішке қарай, көлік жүргізушілері полицияның ұсыныстарына құлақ аспады", - дейді ведомство өкілдері.

    Тәртіп сақшылары жол қозғалысы кезінде жүргізушілерге қырағы болуды және белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, жол белгілері мен таңбаларын мұқият болып, қауіпсіздік белдігін тағуды ескертті.

    Жолаушылар автобусымен соқтығысқан: Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.