jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда түнде автобустың қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болды (фото)

    Автобус. Фото
    Автобус. Фото: Zakon.kz

    Кеше түнде Алматының Медеу ауданында адам өліміне әкеп соққан жол апаты болды. Салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі кеше түнде Алматының Медеу ауданында жол-көлік оқиғасы болғанын хабарлады.

    Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Toyota автокөлігінің жүргізушісі Талғар тасжолымен батыс бағытта келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, жеке тасымалдаушыға тиесілі автобусқа соғылған.

    Көлік апаты. Фото
    Көлік апаты. Фото: Zakon.kz

    Апат салдарынан жапон көлігіндегі екі жолаушы қаза тапты.

    Екі адам қаза тапқан жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды.

    Көлік. Фото
    Көлік. Фото: Zakon.kz

    Еске салсақ, бүгін Алматыда жол-көлік апатына ұшыраған тағы бір автобустың видеосын жариялаған едік.

    Оқиға орнында түсірілген видеоны TikTok әлеуметтік желісінде nuriddin.1986 деген қолданушы жариялады. Кадр сыртындағы әйелдің айтуынша, оқиға 17 шілде күні сағат 04:18-де болған.

    Алматыда түнде автобустың қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.