jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Екібастұзда жаяу жүргінші өткелінде кәмелетке толмаған қызды көлік қағып кетті

    Жаяу жүргінші жолы. Көрнекі фото
    Жаяу жүргінші жолы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Екібастұзда жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қызды қағып кетті. Ол дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Павлодар облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, тек жыл басынан бері облыс жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 124 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 135 бала түрлі дене жарақатын алып, екеуі қайтыс болды.

    "Мысалы, Екібастұз қаласы Кеңшілер көшесінде Geely SC7 көлігінің жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты таңдамай, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан кәмелетке толмаған бала дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды, ал көлік коммуналдық тұраққа қойылған", - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

    Тәртіп сақшыларының айтуынша, жолдарда балалардың қатысуымен болатын барлық жол-көлік оқиғасының негізгі себебі – көлік жүргізушілерінің де, балалардың да жол ережесін сақтамауы.

    Екібастұзда жаяу жүргінші өткелінде кәмелетке толмаған қызды көлік қағып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.