jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 4 адам көз жұмды

    Полицей көлігі
    Полицей көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 4 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

    Басылым мәліметінше, Самара-Шымкент тас жолының Әлия ауылы маңында жүк көлігі және жеңіл машина соқтығысқан. Оқиға орнында төрт адам көз жұмған. 

    Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

    "Бүгін сағат 18:45 шамасында Самара-Шымкент тасжолының Қобда ауданы Әлия ауылы маңында Mersedes жүк көлігі мен Volkswagen Polo көлігі соқтығысты. Жеңіл көліктегі төрт жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен бала медициналық мекемеге жеткізілді.

    Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалды. Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады", - деді Қобда ауданы ПБ бастығының орынбасары Аслан Шотанов. 

    Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 4 адам көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.