jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда автобус көпірден "ұшып кетті": дәрігерлер зардап шеккен адамның жағдайын айтты

    Ауруханадағы ер адам
    Ауруханадағы ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері Қаскелеңге кіре берістегі көпірден құлап кеткен автобус жолаушысының қазіргі жағдайын баяндады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "12 қыркүйек сағат 23:10-да жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен сегіз адам Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың жетеуі тексеруден өтіп, қажет көмекті алды. Тиісті ұсыныстармен амбулаториялық бақылауға бағытталды.

    Бір науқас травматология бөліміне жатқызылды. Денсаулық жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Емдеу диагностика және емдеу хаттамасы шеңберінде жүргізіледі", - деді Алматы облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

    Еске салсақ, түнде Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды. Жолаушылар автобусы көпірден "ұшып кетіп", көлікке құлаған.

    Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген кадарлар жарияланды.

    "Куәгерлер жолаушылар автобусы Алматы облысындағы Қаскелең көпірінен құлағанын айтты",- делінген Telegram-дағы Egovpress арнасындағы жазба астында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.