jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанай облысында жол апатынан екі бала мен екі ересек адам қаза тапты (фото, видео)

    жол апаты
    Қостанай облысындағы жол апаты. Фото: Қостанай облыстық ТЖД

    Бүгін, 16 қыркүйекте Қостанай облысындағы Торғай-Арқалық тасжолының 17-ші шақырымында жантүршігерлік оқиға болды – екі ересек адам мен екі бала қаза тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы Lexus жүргізушісі басып озу кезінде рөлге ие бола алмай екінші көлікпен соқтығысқан.

    Оқиға салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі және екі жолаушысы, оның ішінде екі бала алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сол көліктен тағы бір жолаушы ауруханада қайтыс болды.

    Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.

    Полиция қызметкерлері жүргізушілерді ЖҚЕ талаптарын ескеруге, атап айтқанда жылдамдық режимі мен маневр жасау ережелерін сақтауға шақырады.

    Қостанай облысында жол апатынан екі бала мен екі ересек адам қаза тапты (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.