jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Сұмдық көрініс": Алматыда тоннельде жеті көлік соқтығысты (видео)

    Оқиға болған жер
    Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_brothers

    19 қыркүйекте Алматыда ірі жол апаты болды. Саин көшесіндегі тоннельде жеті көлік соқтығысты. Оқиға болған жерден кадрлар әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Оқиға орнынан түсірілген видеоны Instagram желісіндегі kris_p_brothers паблигінің авторлары таратқан.

    Видео сипаттамада ірі жол апаты Саин көшесінде болғаны айтылған.

    "Сағат 20:30-да Саин көшесімен төмен түсіп келе жатып, осындай сұмдық көріністің куәсі болдым. Жолда бәріңіз сақ болыңыздаршы. Сізді үйде күтіп отырған адамдар бары есіңізде болсын", - делінген видео сипаттамасында.

    Алматы полициясы өкілдерінің KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген мәліметі бойынша, оқиға 19 қыркүйекте, сағат 19:55-те Саин көшесінің Жұбанов көшесінің қиылысында болған.

    Жол-көлік оқиғасына жеті көлік қатысқан. Оқиға салдарынан бір адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.

    Қазір полицейлер жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

    "Сұмдық көрініс": Алматыда тоннельде жеті көлік соқтығысты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.