jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады: оқиға орнында бір адам қаза тапты

    Алматыдағы жол апаты
    Алматыдағы жол апаты. Фото: zakon.kz

    Бүгін, 4 қазанда Алматыда жолаушылар автобусы мен Mitsubishi Space Wagon марқалы минивэн соқтығысып, жол апаты болды. Оқиға салдарынан минивэн жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды Алматы полициясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматы полиция департаменті өкілдері NUR.KZ тілшісіне жол апаты бүгін сағат 14:48-де қаланың Жетісу ауданында болғанын хабарлады.

    "Mitsubishi көлігінің жүргізушісі Солтүстік айналма жолы көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Бөкейханов көшесінің қиылысында жеке тасымалдаушыға тиесілі 58-бағыттағы автобуспен соқтығысқан.

    Оқиға салдарынан Mitsubishi көлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

    Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды.

    Zakon.kz басылымының мәліметінше, қаза тапқан минивэн көлігіндегі жолаушы 27 жаста болған.

    Алматыдағы жол апаты
    Алматыдағы жол апаты. Фото: zakon.kz

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.