jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Жетісу облысында жол апатынан үш адам көз жұмды (видео)

    Жол апаты
    Жол апаты. Видеодан кадр: instagram.com/zhetysu.police

    Көксу ауданында Toyota Camry маркалы жеңіл автокөлігі жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Жетісу облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Жетісу облысы полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, алдын ала болжам бойынша, Toyota Camry маркалы жеңіл автокөлігі Алматы – Өскемен автожолының 239-шақырымында жолшыбай бағытта келе жатқан "Камаз" жүк көлігінің артқы тіркемесімен соқтығысқан.

    "Апат салдарынан Toyota Camry”жеңіл автокөлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы медициналық жәрдем көрсету үшін аудандық ауруханаға жеткізілді.

    Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

    Өңір полициясы барлық жүргізушілерді жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.