jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    "Алғашқы жауған қар әлекке салды": екі облыстың полицейлері тасжолдардағы жағдайды баяндады (видео)

    СҚО-дағы тасжолда жұк көлігі жолдан шығып кеткен
    СҚО-дағы жол-көлік оқиғасы. Видеодан кадр: instagram.com/sqo_pd

    Желіде Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының полицейлері қар жауғаннан кейін жолдардағы жағдай қалай қиындап кеткенін көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасындағы жазбада тек соңғы тәулік ішінде өңір полицейлері көктайғақ салдарынан қиындықтарға тап болған бірнеше жүргізушіге көмектескені айтылады.

    Мәселен, полицейлердің мәлімдеуінше, Челябі – Новосібір автожолының 418-шақырымында 4 фура ілгері жылжи алмаған, ал осы жолдың 619-шақырымында жеңіл көліктің 74 жастағы жүргізушісі Омбы қаласына немерелеріне бара жатып жолдан шығып кеткен. Жезқазған – Петропавл автожолында да осыған ұқсас үш жағдай болған. 896-шы шақырымда көктайғақ "КамАЗ" жүк көлігін кері айналдырып жіберген, ал 899-шақырымда "ГАЗель" жол үстінен шығып кеткен, 940- шақырымда Audi автокөлігі аударылып қалған.

    Полиция қызметкерлері жүргізушілерден ауа райы болжамын бақылап отыруды, көктайғақ болуы мүмкін екенін ескеруді сұрайды. Сондай-ақ қолайсыз ауа райы кезінде жолда аса сақ болуға, жылдамдық режимін, тиісті арақашықтықты сақтауға, мүмкіндігінше алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

    Қостанай облысы полиция департаментінің Telegram-дағы ресми арнасында да тасжолдағы жағдай баяндалған. Өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты полиция нарядтарының саны артқан.

    Ведомсвто өкілдері тәулік бойы 120 автокөлік патрульдері елдімекендерде де, қала сыртындағы тасжолдарда да жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін мәлімдеді.

    Айта кетейік, бүгін Ішкі істер министрлігі өкілдері өңірлерде күн райының нашарлауына байланысты жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасап, жолда сақ болуға шақырды.

    "Алғашқы жауған қар әлекке салды": екі облыстың полицейлері тасжолдардағы жағдайды баяндады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.