jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Астанада қар мен көктайғақ салдарынан 140-тан астам жол апаты болды

    Қар
    Қар жауып тұрған сәт. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Кеше Астанада алғашқы қар жауып, көктайғақ болды. Қолайсыз ауа райы салдарына 140 жол апаты тіркелді. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жұма күні еліміздің солтүстік өңірлеріне алғашқы қар жауды. Сенбі күні таңертең Астана көшелерін де қар басып қалды.

    Қар жауып, кей жерлерде көктайғақ болуына байланысты 12 қазанда елордада 118 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам зардап шекті.

    13 қазанда түнгі 00:00-ден 08:00-ге дейін 28 жол-көлік оқиғасы болды. Зардап шеккендер жоқ.

    Сонымен қатар полицейлер жүргізушілерді аса сақ болуға, жылдамдықты қатаң сақтауға, жеке көліктерді жол бойында қалдырмауға, сондай-ақ ережелерді сақтауға шақырады.

    Астана тұрғындарына ұзақ сапарға көлікпен жолға шықпауға кеңес берілді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.