Алматыда 7 көлік соқтығысып қалды (видео)
Жарияланған күні:

Бүгін Алматының Алатау ауданында жаппай жол апаты болды – бірден жеті көлік соқтығысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жол апаты болған жерде түсірілген кадрлар Instagram-дағы 100baksoff_almaty парақшасында жарияланды. Онда жүк көліктерінің зақымдалғаны көрінеді.
NUR.KZ тілшісіне Алматы ПД-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, апат бүгін сағат 15:30-да оңтүстік астананың Алатау ауданында болған – бірден жеті көлік соқтығысқан. Жол апатына ұшырағандар Солтүстік айналма жолымен бір бағытта қозғалғаны айтылған.
Жол апаты салдарынан "ГАЗ" маркалы көліктің жүргізушісі мен жолаушысы медициналық көмекке жүгінді. Апатты тергеу жұмыстарына Алатау ауданының жол полициясы басқармасының қызметкерлері кірісті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2175198-almatyda-7-kolik-soqtygysyp-qaldy-video/