Оқыс оқиға

Зектілері

Шымкентте екі көлік соқтығысып, бірі аударылып қалды (видео)

Жарияланған күні:

Шымкенттегі жол апаты
Шымкенттегі жол апаты. Скриншот: youtube.com/@tvotyrar

Шымкентте қала орталығында екі көлік соқтығысып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz басылымының Youtube-тегі арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Otyrar.kz мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін, 18 қазанда сағат 12:00 шамасында болған. Дулати және Төреқұлов көшелерінің қиылысында LADA Granta және CHERY автокөліктері соқтығысқан. Қатты соққыдан LADA автокөлігі аударылып қалып, жүргізуші бас жарақатын алған. Жол апатына ұшырағандарға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Олар ауруханаға жатуды қажет етпеді.

Жол-көлік оқиғасы кезінде көше қиылысындағы бағдаршам істемеген. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бағдаршамның істен шыққанына үш күн болды.

Еске салайық, 16 қазанда Алматының Алатау ауданында бірден жеті көлік соқтығысқан еді. Жол апатына ұшырағандар Солтүстік айналма жолымен бір бағытта қозғалған. Оқиға салдарынан "ГАЗ" маркалы көліктің жүргізушісі мен жолаушысы медициналық көмекке жүгінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2176085-shymkentte-eki-kolik-soqtygysyp-biri-audarylyp-qaldy-video/