jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Оралда жол апатынан 63 жастағы әйел көз жұмды

    Әжей
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Орал қаласында жол апатынан кейін ауруханаға жеткізілген 63 жастағы әйел көз жұмды. Бұл туралы Kazinform хабарлайды.

    Басылым мәліметіне сүйенсек, Оралда жол апаты болып, оның зардап шеккен бес адамның біреуі жансақтау бөліміне жатқызылған.

    Ал БҚО денсаулық сақтау басқармасы 1961 жылғы әйел ауруханаға өте ауыр халде түскенін хабарлаған. Оның кеуде және іш тұсына оталар жасалған. Бірақ ауыр жарақат оның өліміне әкеп соқтырған. Енді патологоанатомиялық зерттеу жасалады.

    "Ал 1958 жылғы ер адам хирургия бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр, тұрақты. Қажетті емін алуда", - деп хабарлады ведомстводан.

    БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі аталмыш оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

    Оралда жол апатынан 63 жастағы әйел көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.