jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    6 жолаушы зардап шекті: Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысты (видео)

    Оқиға болған жер
    Оқиға болған жер. Видеодан кадр: t.me/almaty_my

    Әлеуметтік желіде Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысқан оқиға орнынан видео жарияланды. Жол апатына қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Видео Telegram-дағы "Мой Алматы" арнасында жарияланды. Видеоның астындағы жазбада Гоголь көшесіне жетпей, Әуезов көшесінде автобус тепловозбен соқтығысқаны жазылған.

    Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен KAZ.NUR.KZ тілшісіне хабарлағандай, бұл жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 11:40-та Алмалы ауданында болды.

    "Жеке тасымалдаушыға тиесілі №88 бағыттағы автобус Әуезов көшесімен солтүстік бағытта Гоголь көшесінің солтүстігінде келе жатып, батысқа қарай темір жол бойымен келе жатқан тепловозға соқтығысты.

    Оқиға салдарынан қоғамдық көліктің 6 жолаушысы зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.

    Оқиғаның басқа мән-жайлары анықталып жатыр.

    6 жолаушы зардап шекті: Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.