jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Түркияда автобус пен жүк көлігі соқтығысты: бір адам қаза тауып, 20 шақты адам жараланды (фото)

    Түркия, жедел жәрдем
    Жедел жәрдем. Көрнекі сурет: Adem Altan / AFP via Getty Images

    Түркияның Денизли қаласының маңында қалааралық автобус жүк көлігіне соғылған. Жол апатынан бір адам қаза тауып, жиырма шақты адам жараланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ түрік басылымдарына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    Аланияға жолаушылар алып бара жатқан автобус жанармай құю бекетінен шығып келе жатқан жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды жергілікті NTV басылымы.

    Мәліметтерге қарағанда, автобусты 60 жастағы жүргізуші тізгіндеген. Оқиға орнына ДЕРЕУ дәрігерлер, өрт сөндірушілер және полицейлер бригадалары жеткен.

    Басылым мәліметінше, апат салдарынан Болгарияның бір азаматы қаза тапқан. Зардап шеккен жиырма шақты адамның ішінде үшеуінің жағдайы ауыр.

    Естеріңізге сала кетейік, қараш айында Алматының Алатау ауданында КамАЗ бен автобус соғысып қалған.

    Оның алдында Алматыда бір жеңіл көлік автобусқа соғып, жол апатынан бір адам қаза тапқан.

    Түркияда автобус пен жүк көлігі соқтығысты: бір адам қаза тауып, 20 шақты адам жараланды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.