jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанай облысында ірі жол апаты болып, үш адам қаза тапты

    Жол апаты
    Жол апаты. Көрнекі сурет: СҚО полиция департаменті

    16 желтоқсанда Қостанай облысында ірі жол апаты болып, үш адам қаза тапты, тағы үш адам жараланды. Полиция істі тергеп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жергілікті "Алау" басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    Алдын ала мәлімет бойынша, 16 желтоқсанда күндіз "Қостанай-Әулиекөл-Сурган" автожолында, Қарасу ауданына қарасты Геркено ауылынан 10 шақырым жерде ірі жол апаты болды. Volvo және Toyota Alphard автокөліктері соғысқан.

    Ірі жол апатынан үш адам оқиға болған жерде көз жұмды, тағы үш адам Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізілді.

    Полиция Қылмыстық кодектің 345-бабы (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) негізінде тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

    Еске салсақ, бұған дейін де Қостанай облысында 4 адам қаза тапқан қайғылы жол апаты болған еді. Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу бастады.

    Қостанай облысында ірі жол апаты болып, үш адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.