jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Нью-Йоркте Рождество мерекесінде такси жүргізушісі алаңда жүрген бірнеше адамды қағып кетті

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: Kyle Mazza/Anadolu via Getty Images

    Нью-Йорктегі адам көп жүретін алаңда такси жүргізушісі жаяу жүрген адамдарды қағып өтіп, салдарынан кемінде алты адам зардап шекті. Бұл туралы Fox News арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Нью-Йорк полиция департаменті Бродвей, Алтыншы авеню және 34-ші көше қиылысатын танымал туристік Геральд-скверде такси бірнеше адамды қағып кеткенін растады.

    Полицейлердің мәліметінше, такси жүргізушісі – 58 жастағы ер адам. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.

    Жергілікті билік өкілдері 9 жасар баланың жарақат алып, аяғын ауыртып, ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Сонымен қатар 41 және 49 жастағы әйел түрлі жарақат алған.

    Қалған зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болмаған.

    Көлік жүргізушісі ұсталған жоқ. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

    Нью-Йоркте Рождество мерекесінде такси жүргізушісі алаңда жүрген бірнеше адамды қағып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.