jitsu gif
Оқыс оқиға

    Астанада бетон араластырғыш екі көлікпен соқтығысып, аударылып қалды (видео)

    Оқиға болған жер
    Оқиға болған жер. Видеодан кадр: instagram.com/astana_brothers

    Астанада екі көлік бетон араластырғыш көлікпен соқтығысты. Салдарынан бетон араластырғыш көлік көшедегі жарықтандыру бағанасына соғылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Instagram-дағы Astana_brothers паблигінде куәгерлер түсірген видео жарияланды. Видеоның сипаттамасында Ақжол көшесінде бетон араластырғыш жүк көлігінің аударылып кеткені жазылған.

    KAZ.NUR.KZ тілшісі мән-жайды білу үшін Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты.

    "8 желтоқсанында Ақжол даңғылында Shacman маркалы көлігі жол апатына ұшырады. 44 жастағы жүргізуші Пушкин көшесіне қарай келе жатып, тізгінге ие бола алмай, салдарынан Infiniti және Tank маркалы екі көлікпен соқтығысты. Сосын көліктің артқы жағы көшедегі жарықтандыру бағанасына соқтығысып, кейін сол жағына қарай аударылып қалды", - деп хабарлады полиция департаменті өкілдері.

    Сондай-ақ оқиғаның салдарынан зардап шеккендердің жоқ екені хабарланды. Полицейлердің хабарлауынша, аталған факті бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.