jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Бір адам қаза тапты: Жетісу облысында көлік жол жиегіндегі жаяу жүргіншілерді қағып кеткен

    Қызмет барысындағы полиция көлігі
    Полиция көлігі. Көрнекі фото: ІІМ баспасөз қызметі

    10 қаңтарда Жетісу облысы Ескелді ауылында жол апаты болды. Салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

    ІІМ мәліметінше, жол апаты 10 қаңтарында таңғы уақытта Ескелді ауданында боалған.

    "Белгісіз көлік жүргізушісі Қарабұлақ ауылындағы Ескелді би көшесінде келе жатып, жол жиегіндегі жаяу жүргіншілерді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жаяу жүргіншілердің бірі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты", - делінген хабарда.

    Полиция қызметкерлері оқиға туралы хабар алған бойда іздеу жұмыстарын бастап, жедел әрекет ету нәтижесінде "Тойота" маркалы автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Ол 37 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

    Жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтап, жолда мұқият болуға шақырады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.