jitsu gif branding logo appbranding logo app

    ТЖМ өкілі Астана маңында болған жаппай көлік апатының себебін айтты

    Қар басқан жолмен келе жатқан автокөлік
    Автокөлік. Көрнекі фото: Getty Images / stock photo

    ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Аслан Уәкішев Ақмола облысындағы 95 автокөліктің соқтығысу себебін айтты. Тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, боранды күні Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері колоннаны алып жүрді.

    "Алайда сол жерде бір-бірін басып озуға тырысқан жауапсыз жүргізушілер болған. Барлығы осыдан туындаған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары әлі жүріп жатыр", - деді Аслан Уәкішев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

    Төтенше жағдайлар министрлігі өкілі ведомство құзыретіне жәбірленушілерді құтқару және эвакуациялау кіретінін еске салған. 

    "Біздің бөлімшелер үйлесімді жұмыс атқарып, мүмкіндігінше барлық адамды құтқарып, эвакуациялап, жылыну пункттеріне жеткізді. Жолаушыларға жылыну пункттерінен Астанаға және басқа да бағыттарға жету қажет болды, біз оларды пойыздарға мінгіздік, - деді Аслан Уәкішев. 

    Еске сала кетейік, 3 қаңтарда "Астана-Щучинск" тас жолында жаппай көлік апаты болып, 95-ке жуық автокөлікке зақым келген еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.