Оқыс оқиға

Зектілері

Түркістан облысында екі көлік соқтығысып, өртке оранды: алты адам қаза тапты (фото, видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жол апаты
Оқиға орны. Фото: instagram.com/turkistan_polisia

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан алты адам қаза тауып, тағы 4 адам зардап шекті. Түрлі дене жарақатын алған жолаушылар ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ресми Telegram-каналында хабарланғандай, 3 ақпан күні Түркістан облысында Кентау – Түркістан тас жолының 5-шақырымында екі "Ауди" көлігі соқтығысып, өртке оранған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, басқа көлікпен бетпе-бет соқтығысқан.

Оқиға салдарынан 6 адам оқиға орнында қаза тауып, 4 адам түрлі дене жарақатын алды. Зардап шегушілер Кентау қаласындағы медициналық мекемеге жатқызылды", - деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Түркістан облысының полиция департаменті баршаны жол қозғалысы ережелерін сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға және жолдың қарсы бетіне шықпауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2217608-turkistan-oblysynda-eki-kolik-soqtygysyp-ortke-orandy-alty-adam-qaza-tapty-foto-video/