Қарағандыда патрульдік полиция көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде қызды қағып кетті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қарағандыда патрульдік полиция экипажы жаяу жүргіншілер өткелінде 22 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Instagram желісіндегі Vkaragandekz паблигінде Қарағандыда полицейлер жаяу жүргіншілер өткелінде қызды қағып кеткені туралы жазба жарияланды.
"Қарағандыда патруль көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде қызды қағып кетті", - делінген жазбада.
Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне оқиға бүгін Воинов-Интернационалистер көшесінде болғанын мәлім етті.
"Қарағанды ДП-нің патрульдік полиция экипажы соғылудан қашып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қаққан. Салдарынан 22 жастағы жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді.
Арнайы көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материал шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", - делінген хабарламада.
Назар аударыңыз! Бейнеде дөрекі сөздер бар:
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2219924-qaragandyda-patruldik-politsiia-koligi-zhaiau-zhurginshiler-otkelinde-qyzdy-qagyp-ketti/