jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жамбыл облысында полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты

    Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкері
    Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкері. Фото: instagram.com/zhambyl_police

    Жамбыл облысында қызметтік міндетін атқару кезінде патрульдік полиция батальонының аға инспекторы қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомствоның мәліметінше, 11 ақпанда сағат 19:40-та "Алматы-Ташкент" автожолының 203-шақырымында Volkswagen Passat маркалы автокөліктің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, бекітілген аумақта жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген патрульдік автокөлікпен соқтығысқан.

    Жол-көлік оқиғасы салдарынан қызметтік көлікте болған екі полиция қызметкері әртүрлі дене жарақаттарымен Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілген.

    Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Үшкемпір Абай Бақытбекұлы 12 ақпан күні аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған.

    Полиция аға лейтенанты Абай Үшкемпір ішкі істер органдарында 2017 жылдың 14 желтоқсанынан бері қызмет атқарған, ал қазіргі қызметіне 2025 жылдың 6 ақпанында тағайындалған. Қызмет еткен жылдары ішінде 9 мәрте марапатталған.

    "Жамбыл облысы полиция департаменті марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады", - делінген хабарламада.

    Жамбыл облысында полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.