jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Атырау облысында пойыз жүк көлігімен соқтығысты: локомотив пен 11 вагон рельстен шығып кетті

    Пойыз бен жүк көлігінің соқтығысу сәті
    Пойыз бен жүк көлігінің соқтығысу сәті. Кадр: t.me/PR_KTZh

    Атырау облысында пойыз жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан адамдар зардап шегіп, локомотив пен 11 бос вагон рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды ҚТЖ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Telegram-каналында хабарланғандай, 1 наурыз сағат 10:20-да Тендік станциясының теміржол өткелінде жүк көлігі жүргізушісінің кінәсінен жүк пойызы мен ауыр көлік соқтығысқан.

    "Апат салдарынан локомотив бригадасының қызметкерлері зардап шекті. Локомотив пен 11 бос вагон рельстен шығып кетті.

    2024 жылы теміржол өткелдерінде автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына байланысты 28 жол-көлік оқиғасы болды.

    ҚТЖ осындай оқиғалардың алдын алу үшін теміржол өткелдерінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады", - деп жазды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

    Атырау облысында пойыз жүк көлігімен соқтығысты: локомотив пен 11 вагон рельстен шығып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.