Оқыс оқиға

Зектілері

СҚО-да жолаушылар автобусы жолдан шығып кетті (видео)

Жарияланған күні:

автобус
Жолдан шығып кеткен автобус. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық тас жолда жолаушылар автобусы жолдан шығып кетті. Автобуста 9 адам болған, ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасының хабарлауынша, құтқарушылар жолдан шығып кеткен автобусты сүйреп шығарды.

Оқиға Николаевка ауылының маңында "Жезқазған - Петропавл" республикалық тас жолында болған.

"Автобуста 9 адам болды. ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштері оқу-жаттығуға бара жатқанда автобусты көріп, оны жолға сүйреп шығарды. Ешкім зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж болмады", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар жүргізушілерге жолда, әсіресе күрделі ауа-райы жағдайында сақ болу қажет екенін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2225759-sqo-da-zholaushylar-avtobusy-zholdan-shygyp-ketti-video/