Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 4 адам көз жұмды
Опубликовано:
Кеше, 23 наурызда Степногорск-Заводская ауылы автожолында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
NUR.KZ тілшісіне өңірлік ПД пікір білдірді.
"23 наурызда Степногорск-Заводская ауылы автожолында "ВАЗ" және YUTONG автобусы соқтығысқан. Жол апаты салдарынан "ВАЗ" жүргізушісі мен ондағы 3 жолаушы алған жарақатынан қайтыс болған. Сондай-ақ аталған көлікте отырған тағы 2 кәмелетке толмаған жолаушы түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім шығады", - деп мәлім етті Ақмола облыстық Полиция департаменті өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2230346-aqmola-oblysynda-zhanturshigerlik-zhol-apaty-boldy-4-adam-koz-zhumdy/