jitsu gif branding logo appbranding logo app

    БАҚ: Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 4 азаматы жол апатынан қаза болды

    Оңтүстік Кореяның шұғыл қызметінің көліктері
    Оңтүстік Кореяның шұғыл қызметінің көліктері. Иллюстрациялық фото: Seung-il Ryu/NurPhoto via Getty Images

    Бейсенбі, 27 наурызда Оңтүстік Кореяның Кенгидо провинциясында болған жол апатынан Қазақстанның 4 азаматы қаза тапқан, деп хабарлайды Korea JoongAng Daily басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Оңтүстіккореялық БАҚ-тың мәліметінше, ішінде Қазақстанның 4 азаматы отырған көлік жоғары жылдамдықпен жүруге болатын Сохэан автомагистралінде жол апатына ұшыраған. Салдарынан салонда болған азаматтардың бәрі қаза тапқан.

    "Түн ортасында төрт адам мінген Mercedes-Benz көлігі Кенгидо аймағының Хвасон қаласындағы автожолдың оң жақ бетіндегі қоршауға соғылып, көлік құлап, соққыдан кейін өртенген", - делінген хабарламада.

    Өрт сөндірушілер жол апатынан кейін шамамен жарты сағаттан соң өртті сөндірген. Салоннан төрт адамның денесі табылған. Марқұмдардың аты-жөні әзірге белгісіз.

    Қазіргі уақытта полиция жол апатының себебін анықтап жатыр.

    Айта кетейік, бұған дейін "Алматы-Астана" автожолының 56 шақырымында болған жол апатынан 4 адам қаза тапқан еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.