RU
Оқыс оқиға
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Алматыда 7 жасар баланың қазасы: тұрғындар жол апаты болған жерге бағдаршам қоюды сұрады

Жарияланған күні:

Бағдаршам
Бағдаршам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда жүк көлігі қаққан 7 жасар қыз баланы 3 сәуірде туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Жаназаға қара жамылған отбасының жақындары ғана емес, ауыл тұрғындары түгел келді, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Қара жамылған отбасы автобус жүргізушісінің де жазаланғанын қалайды.

"Автобус жүргізушісінің жазалануын сұраймыз. Ол өліммен аяқталған жол апатына себеп болды. Қатты жылдамдықпен жүйткіп келе жатқанынан бала қорқып, артқа қарай шегінді. Соның кесірінен қарындасым қаза тапты", - дейді марқұмның туысы Шухрат Ментеев.

Қазіргі таңда жүк көлігінің 66 жастағы жүргізушісі қамауға алынды. Ал әзірге автобус жүргізушісіне айып тағылған жоқ.

"Қылмыстық іс аясында бір емес, бірнеше сараптамалық зерттеулер, оның ішінде сот автотехникалық, сот медициналық сараптамалар тағайындалды. Оқиғаға қатысы бар болуы мүмкін тұлғалар анықталып, әрқайсысының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Яғни жеке жауапкершілік жайлы және осы іске қатысу деңгейін анықтап тергеуді бастады", - дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қайғылы жағдайдың болғанын жаяу жүргіншілер жолына қойылған ойыншықтар мен гүл шоқтары да еске салып тұр. Қаршадай қыздың өмірі қиылған бұл жаяу жүргіншілер жолағында мұндай қайғылы оқиғаның болуы бірінші рет емес.

Жергілікті тұрғындар мұнда бұған дейін талай баланың қыршын кеткенін айтады. Қаншама адам опат болса да, әлі бағдаршам орнатылмаған. Бұқара неше жылдан бері елді мекенді жарып өтетін жолға бағдаршам орнатып беруді сұрап жүр. Алайда құлақ асқан жан болмаған.

"Бұл жерде бір жылдың ішінде сегіз өлім болды. 16 жол апатында зардап шеккендер тірі қалған. Бұл жерге бағдаршам орнату үшін енді қанша баланың өмірі қиылуы керек?", - дейді тұрғындардың бірі Айжан Нұрхалиева.

Қаза тапқан қыз бала отбасындағы төрт баланың үшіншісі болған. Яғни, екі әпкесі мен інісі бар екен. Тірі болғанда үш аптадан соң 8 жасқа толар еді.

Дереккөз: "КТК" арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2233055-almatyda-zhuk-koligi-qaqqan-7-zhasar-balanyng-qazasy-turgyndar-zhol-apaty-bolgan-zherge-bagdarsham-qoiudy-surady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif