jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тараздағы ірі жол апаты: көлік жүк пойызы мен автобустың арасында қысылып қалды (видео)

    Жол апаты
    Жол апаты. Кадр: instagram / taraz_v_obektive

    Таразда болған ірі жол-көлік апатынан автокөліктің жүргізушісі мен жолаушы жарақат алды. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 мамырда Бурыл станциясы кірме жолының (Тараз-Жаңатас учаскесі) жеке теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Kazinform.

    Агенттік ақпаратына сәйкес, "Mercedes" маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі өткелден өту ережесін бұзған. Салдарынан жүк пойызының вагондарына және маршруттық автобусқа соқтығысқан.

    Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасынан мерт болғандар жоқ. Алайда екі адам – 57 жастағы көлік жүргізушісі мен 13 жастағы жолаушыға медициналық көмек қажет болды. Ауруханаға жеткізілген екі адамға "мидың шайқалуы" диагнозы қойылды.

    Бұған дейін елордада жасөспірімді автобус қағып кеткенін жазған едік. Жол-көлік оқиғасында тағы екі адам зардап шекті, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

    Тараздағы ірі жол апаты: көлік жүк пойызы мен автобустың арасында қысылып қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.