Қостанай облысында полиция подполковнигі көз жұмды: қылмыстық іс қозғалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қостанай облысында жол апатынан полиция подполковнигі қайтыс болды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Екінші көліктің жүргізушісі мас болған деген болжам бар, деп хабарлайды ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Алдын ала болжам бойынша, Volkswagen жүргізушісі алкогольге мас күйінде 47 жастағы полиция майоры Батырсайым Зайтинов тізгіндеген "Нива" қызметтік көлігіне соғылған. соқтығысқан. Полиция қызметкері бұл кезде қызмет бабымен жұмыс орнына қарай бет алған", - делінген полиция хабарламасында.
Volkswagen жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткенімен, тез арада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілгені атап өтілді. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.
Полиция өкілдері марқұм полиция подполковнигі Батырсайым Зәйтиновтің ішкі істер органдарында 23 жыл қызмет еткенін, антына және ісіне адал, принципшіл, жауапты және құрметті қызметкер ретінде танылған азамат болғанына тоқталды.
"Ішкі істер министрлігі мен Қостанай облысының полиция департаментінің басшылығы марқұмның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2243259-qostanai-oblysynda-podpolkovnigi-koz-zhumdy-qylmystyq-is-qozgaldy/