jitsu gif
Оқыс оқиға

    Қостанай облысында жол апатынан алты адам қаза болып, тағы бес адам ауруханаға түсті

    Терезесі шытынаған көлік
    Жол апаты. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қостанай облысында жол апатынан алты адам қаза болып, тағы бес адам зардап шекті. Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Қостанай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, жол апаты 20 мамырда таңертең "Алматы – Екатеринбург" автожолының бойында, "Қайрақ" шекара бекетінен шамамен екі шақырым жерде болған.

    Ішінде 10 шетел азаматы отырған Ford Transit көлігінің жүргізушісі, DAF жүк көлігімен соқтығысқан.

    Апат салдарынан оқиға орнында алты адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақаттармен Қарабалық аудандық ауруханасына жеткізілген.

    Аталған дерек бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (Көлік құралдарын жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастаған.

    Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде, сондай-ақ барлық қажетті тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

    Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол жүру ережелерін сақтауға шақырады.

    "Рөлде мұқият болыңыздар, жылдамдықты асырмаңыздар және әрбір жасаған маневрдің қауіпсіздігін ескеріңіздер", - деп ескертті ІІМ өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.