jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Қалыңдық көз жұмды": Алматы маңында "қыз алып қашқандар" жол апатына түсті

    Қалыңдық
    Қалыңдық. Көрнекі сурет: pexels.com

    Желіде Алматы облысында "қыз алып қашқандар" жол апатына түсті. Салдарынан қалыңдық қайтыс болды. Ақпаратты Алматы облысы ПД растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Алматы облысындағы жол апатының кадрлары "Криминальный Казахстан" Telegram-арнасында жарияланған. Жол апаты 24 мамырда ҮАААЖ автожолының 36 километрінде сағат 18:00-де болған.

    Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің дерегінше, жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады.

    Алдын ала деректер бойынша KIA автокөлігінің жүргізушісі Mercedes-Benz автокөлігіне соғылған. Салдарынан Mercedes-Benz аударылып қалған.

    "Жол апаты салдарынан Mercedes-Benz жолаушыларының бірі оқиға орнында қайтыс болды. Жүргізуші және екі жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Кінәлі жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ведомство өкілдері.

    Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    "Қалыңдық көз жұмды": Алматы маңында "қыз алып қашқандар" жол апатына түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.