jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда автобус пен бес жеңіл көлік соқтығысты (видео)

    жол-көлік оқиғасы
    Жол-көлік оқиғасы. Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_official

    Алматының Түрксіб ауданында автобус пен бес жеңіл көлік соқтығысты, жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен алты адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Кеше, 8 маусымда сағат 11:50-де жеке тасымалдаушыға тиесілі Yutong маркалы автобустың жүргізушісі Сейфуллин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Ер адам рульге ие бола алмай, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен.

    Автобус сол жерде бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған бес көлікпен соқтығысқан.

    Апат салдарынан алты адам медициналық көмекке жүгінді.

    Аудандық полиция басқармасындағылар жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті.

    Назар аударыңыз, видеода бейәдеп сөздер бар!

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.